Жапонияда «Накри» тайфунынан алғашқы зардап шеккендер бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда «Накри» тайфунынан алғашқы зардап шеккендер бар

04.08.2014
Жапонияда «Накри» тайфунынан алғашқы зардап шеккендер бар

Жапонияның Сикоку аралында «Накри» тайфунының әсерінен қатты жауған жаңбырдан бір адам қайтыс болып, тағы біреуі ауыр жарақат алған, деп хабарлайды ел Үкіметінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга.

Демалыс күндері Сикоку аралында жауған жауын-шашын көлемі бір айлық нормадан 2-3 есе көп. 3-ші тамыз күні өзендердегі судың тасуына байланысты Коти қаласының 300 мың тұрғынына қауіпсіз аймаққа көшу туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды РИА Новости.  

Хабарламаларға жазылу