Жапонияда «Хагибис» тайфунынан 37 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда «Хагибис» тайфунынан 37 адам қаза тапты

14.10.2019

20 адам жоғалып, құтқарушылар оларды іздестіріп жатыр. 

Сенбі күні соққы берген дүлей дауыл мен нөсер жауыннан 20 шақты өзен арнасынан тасып, мыңдаған үйді су басты. Зардап шеккен аудандардан жүздеген мың адамды эвакуациялауға тура келген. Олар үйлері мен шаруашылықтарына орасан зор шығын келгенін айтып отыр. 

Тасқыннан жолдар шайылып, пойыздар да тоқтады. Ал Токио және Тиба әуежайларында мыңға жуық рейс доғарылды. Сан мың тұрғын электр жарығынсыз қалды. 

Ел аумағы бойынша бір тәулік ішінде жауын-шашын мөлшері 700 миллиметрге жетіп, рекордтық деңгейді көрсетті. 

«Хагибис» – соңғы 60 жылда Жапонияға соққы берген ең жойқын тайфун. Одан зардап шеккендерге көмекке және жоғалып кеткендерді іздеу операцияларына 110 мыңнан астам адам жұмылдырылып отыр.

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу