Өңірлерде азық-түлік бағасын қадағалайтын штабтар жұмысы қарқынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде азық-түлік бағасын қадағалайтын штабтар жұмысы қарқынды

28.08.2015
Өңірлерде азық-түлік бағасын қадағалайтын штабтар жұмысы қарқынды

Қостанай облысында жұмыс тобы сағат сайын мониторинг жүргізіп, жағдайды бақылауда ұстауда. Кезекті кеңесте тұрақтандыру қорын қосымша картоп, күріш, қант сияқты бірнеше азық-түлік түрлерімен толықтыру жөнінде шешім қабылданды. 

Шымкент қаласында бағаны қасақана қымбаттату оқиғалары кездесуде. Арнайы құрылған жедел орталыққа бір аптаның ішінде осы жәйтты хабарлаған 10 телефон қоңырауы түскен.

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «РУ 6» кәсіпорны жылына 1 мың тонна өнім шығарады. Табиғи уран жер асты сілтілендіру әдісімен өндіріледі. Еліміздің жаңа экономикалық саясатқа көшуі бізге жаңа жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді,- дейді өндіріс орнының басшылығы.

Арнайы штабтар әрі қарай да жұмыстарын жалғастырады. Басты назарда, баға тұрақтылығы.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу