Ақмола облысында 900-ден астам кәсіпкер азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 900-ден астам кәсіпкер азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатқан

28.04.2020

Ақмола облысында 900-ден астам кәсіпкер азық-түлік бағасын негізсіз өсірген. Елімізде кейбір тауар түрлеріне шектік баға қойылғанына қарамастан, олар ұн, нан, күріш, ет, жұмыртқа, күнбағыс майын қымбат сатқан. Көкөністердің де құнын 20-30 процентке көтеріп жіберген. Қазір барлық аудандар мен қалаларда азық-түлік бағасын қадағалайтын штабтар жұмыс істеп тұр. Олар дүкендер мен сауда орындарына бақылау жүргізуде. Мамандардың айтуынша, облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тапшылығы жоқ. Карантин кезінде тасымал мәселесі де шешілген. Сондықтан бағаны қымбаттату негізсіз.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу