Мемлекет басшысы Алматы әкімін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Алматы әкімін қабылдады

23.02.2022

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Алматы әкімін қабылдады. Ерболат Досаев Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәсіпкерлерге көмек көрсету жұмысы туралы баяндады. Оның сөзінше, қазір 755 бизнес иесі өтемақы алған. 10 наурызға дейін бизнесмендердің 90 пайызы қолдауға ие болады. Сондай-ақ шаһар басшысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және мектептерде орын тапшылығын азайту мәселелері жөнінде мәлімет берді.

Хабарламаларға жазылу