Футболдан Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі қарағандылық «Шахтер» мен Хорватияның «Хайдук» командалары арасындағы алғашқы кездесуінің билеттері сатылымға шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еуропа Лигасының үшініші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны Қарағанды қаласындағы Орталық стадионда өтеді. Матч шілденің 31-і күні, сағат 18:30 да басталады. Аталған қос клубтың арасындағы матчқа кіру құны – 500 теңге.
Билеттер Қарағанды қаласының «Жастар» спорт сарайында, «Аян» супермаркетінде, «Таир» сауда орталығында және Орталық алаңның кассаларында сатылуда.