«Шахтер» Еуропа Лигасынан шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шахтер» Еуропа Лигасынан шығып қалды

08.08.2014
«Шахтер» Еуропа Лигасынан шығып қалды

Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы Еуропа Лигасының үшiншi іріктеу кезеңінде сырт алаңда хорватиялық «Хайдук» командасынан 0:3 есебiмен жеңiлiп, плей-офф кезеңiне өте алмады.

Бірінші таймның 14-ші минутында «Хайдук» клубының ойыншысы Тино-Свен Сушич есеп ашса, 36-шы минутта Антон Маглица гол соғып, есепті 2:0 жеткізді. Ал, ойынның соңғы минуттарында Сандро Готаль есептi 3:0-ге жеткiздi.

Еске сала кетейiк, Қарағандыда өткен бiрiншi матчта «Шахтер» хорватиялық клубты 4:2 есебiмен жеңген болатын.

«Хайдук» пен «Шахтер» клубының статистикасы:

Қақпаға жасаған соққы: 16 — 7
Ойын тәртібін бұзған: 13 — 21
Қақпа бағанына тиген доп: 1 — 0
Ойыннан тыс қалған: 4 — 3
Бұрыштама доп: 9 — 7
Сары қағаз: 3 — 1
 


 

 

Хабарламаларға жазылу