Еуропа Лигасы: қарағандылық «Шахтер» хорватиялық «Хайдук» клубымен ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Лигасы: қарағандылық «Шахтер» хорватиялық «Хайдук» клубымен ойнайды

31.07.2014
Еуропа Лигасы: қарағандылық «Шахтер» хорватиялық «Хайдук» клубымен ойнайды

«Хайдук» (Сплит, Хорватия) командасының бас бапкері Игор Тудор матч алдындағы баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды «Шахтер» футбол клубының баспасөз қызметі.

Хорватиялық маман «Шахтер» клубының ойындарының видеосын көргенін, онда команданың тактикалық және ойыншылардың физикалық дайындығы жақсы екенін айтты.

Оған қоса команданың еурокубоктарға қатысу тәжірибесі бар екеніне тоқталды. Игор Тудор алаңның да жақсы екенін де атап өтті.

Ал, «Шахтер» клубының бас бапкері Виктор Кумыков хорватиялық ойыншылардың шеберлік және техникалық деңгейі өте жоғары екенін атап өтті. Сондықтан оның командасы ұтымды тактика мен психологиялық жігер пайдаланып жақсы ойын көрсетуге тырысатынын айтты.

 

 

Хабарламаларға жазылу