Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге шілде айының 27 шілде күні өтетін жекпе-жегіне сәттілік тіледі. Бұл туралы Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы хабарлады, дейді ҚазАқпарат.
«Шақырту үшін алғыс білдіремін. Қазақстандықтар сенімен бірге»,- делінген ҚР Президентінің жеделхатында. Құттықтау хатты Геннадий Головкинге Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығы тапсырды.
«Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдауы мен тілегі үшін алғысым шексіз. Маған артылған сенімді ақтауға тырысамын», - деп атап өтті Геннадий Головкин
Естеріңізге сала кетейік, 27-ші шілде күні өтетін Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.