Дүниежүзілік футбол күніне орай журналистар арасында жарыс өтті. «БАҚ лига» деген атауға ие болған турнир Астана және Алматы қалаларында бір мезетте басталды.
Футбол федерациясы қолға алған аламанға 11 шығармашылық ұжым өтініш білдірген. Алғашқы ойындар өте жоғары деңгейде өтті. Жеңімпаздар ұпай саны бойынша анықталады. Сондай-ақ, үздіктер әр түрлі аталымдар бойынша марапатталмақ.
Алғашқы ойын «Хабар» мен «Қазмедиа» қызметкерлері арасында өтті. Жарысқа «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамасы да қатысты.
Енді әр жексенбі сайын «Астана» спорт кешенінде бір ойыннан өтіп тұратын болады. Осылайша, жарыстар 26-ақпанға дейін жалғаспақ.