Анталияда тоғызқұмалақ пен асық атудан Еуразия кубогі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анталияда тоғызқұмалақ пен асық атудан Еуразия кубогі басталды

31.01.2023

Түркияның Анталия қаласында тұңғыш рет тоғызқұмалақ, асық ату және түрік мАнгаласы ойынынан «Еуразия Кубогі» басталды. Халықаралық сайысқа Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Чехия, Румыния және АҚШ спортшылары қатысып жатыр. Зияткерлік жарыста 60-қа жуық спортшы бақ сынауда. Қазақстаннан 30 спортшы ел намысын қорғамақ. Халықаралық жарыс аясында бұдан бөлек, бестемше, тоғызқұмалақ, асық ату сияқты қазақтың ұлттық ойындары туралы семинар ұйымдастырылды. Оған онға жуық елден 100-ден аса маман қатысты.

Мақсат Шотаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы:

Бестемше және тоғызқұмалақтан халықаралық семинар болып, қатысушылар қазақ халқының зияткерлік ойынына жоғарғы бағасын берді. Алдағы уақытта тоғызқұмалақ, асық ату және мангаладан Еуразия кубогі өтеді. Жүлделілер марапатталатын болады.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу