![Украинаның Ресеймен шекаралас аумағында Boeing 777 жолаушылар ұшағы құлады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38294.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Украинаның Ресеймен шекаралас облысында «Malaysia Airlines» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады Би-Би-Си. Алдын ала берілген ақпараттарға қарағанда, бортта 280 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болған.
ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, ұшақ Ресей шекарасынан 60 шақырым қашықтықта Украинаның Донецк облысының аумағында құлаған.
«Украинская правданың» мәліметінше, ұшақ Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украинаның Ресеймен шекаралас аумағында Boeing 777 жолаушылар ұшағы құлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/87967/)