Малайзиялық Boeing қасақана құлатылуы мүмкін деген болжам айтылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзиялық Boeing қасақана құлатылуы мүмкін деген болжам айтылуда

25.03.2014
Малайзиялық Boeing қасақана құлатылуы мүмкін деген болжам айтылуда
Соңғы мәліметтер бойынша, Үнді  мұхитына құлаған Malaysia Airlines әуе компаниясының жоғалған ұшағы қасақана құлатылуы мүмкін. Тергеушілер аталмыш нұсқаны тексеруде, деп хабарлайды Daily Telegraph тергеу амалдарына қатысып жүрген дереккөзге сілтеме жасап.
 
Басылымның жазуынша, лайнердің ішінде кенеттен пайда болған өрт немесе жүйедегі ақаулар оның құлауына себеп бола алмайды. Қолда бар ақпараттарды талдау барысында ұшақ жоғалар алдында «орынсыз» қимылдар жасамаған.
 
«Бұл лайнер бортында болған, жоспары айқын адамның әдейі жасалған іс-әрекеті», - дейді басылым дереккөзі.
 
Дегенмен, тергеуге қатысып жүрген шенеунік аталған іс-әрекетке түрткі болған себептерді ашып айта алмады. Сонымен қатар, оның айтуынша, тергеудің бұл нұсқасын Малайзия билігі әлі растаған жоқ.
 
Айта кетейік, Малайзия премьері Наджиб Разак бірнеше апта бойы іздестірілген Boeing ұшағы Үнді мұхитына құлағандығын мәлім етті. «Boeing-777»  ұшағы 8 наурыз күні Оңтүстік Қытай теңізінің үстінде жоғалып кеткен болатын. Оны іздеу жұмыстарына әлемнің жиырмадан астам елі жұмылдырылды.

Хабарламаларға жазылу