Тегеранда украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеранда украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады

08.01.2020
Тегеранда украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады

Тегеран әуежайы маңында украиналық Boeing 737 ұшағы техникалық ақауға байланысты апатқа ұшырады. Әуежай басшысы әуе апатын растады.

Лайнер әуеге көтерілген бетте құлаған. Онда 170 жолаушы болған. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.

Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы құлады. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болды. Апаттан 12 адам қайтыс болды.

ria.ru

Хабарламаларға жазылу