Мирослав Клозе Әлем чемпионатының тарихында ең үздік сұрмерген атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мирослав Клозе Әлем чемпионатының тарихында ең үздік сұрмерген атанды

09.07.2014
Мирослав Клозе Әлем чемпионатының тарихында ең үздік сұрмерген атанды

Германия құрамасының шабуылшысы Мирослав Клозе футболдан Әлем чемпионатының тарихында ең үздік сұрмерген атанды.

Ол жартылай финалда Бразилиямен өткізген ойынның 23-ші минутында 16-шы голын соғып, атақты бразилиялық футболшы Роналдодан басып озды.

Мирослав Клозе 2002 және 2006 жылдары 5 гол соқса, 2010 жылы 4 рет мергендік танытты. Ал бұл турнирде екінші рет көзге түсті.

Айта кетейік, Германия құрамасының шабуылшысы төрт турнирде 23 ойын өткізсе, Роналдо үш чемпионатта 19 ойынға қатысқан.

Хабарламаларға жазылу