Алжир құрамасы чемпионаттан алған сыйақысын садақаға жұмсады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алжир құрамасы чемпионаттан алған сыйақысын садақаға жұмсады

03.07.2014
Алжир құрамасы чемпионаттан алған сыйақысын садақаға жұмсады

Алжир құрамасының ойыншылары футболдан Әлем чемпионатына қатысқандары үшін алған сыйақыларын қайырымдылық шарасына жұмсады, деп хабарлайды muslim.kz.

Португалдық «Спортинг» ойын клубының шабуылшысы Ислам Сүлейманидың өз әріптестеріне сыйақыларын Газа қаласындағы қайырымдылыққа мұқтаж жандарға үлестіріп беру туралы көтерген бастамасы түгелдей қолдауға ие болған.

Естеріңізге сала кетейік, Алжир құрамасы биылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалына дейін жетіп, Германия құрамасына қосымша уақытта есе жіберіп алған еді.

Хабарламаларға жазылу