«Kazsport» телеарнасы волейболдан әйелдер арасындағы әлемдік Гран-придың «Төрттік финалын» тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы волейболдан әйелдер арасындағы әлемдік Гран-придың «Төрттік финалын» тікелей эфирде көрсетеді

16.06.2016
«Kazsport» телеарнасы волейболдан әйелдер арасындағы әлемдік Гран-придың «Төрттік финалын» тікелей эфирде көрсетеді

18-19 маусым аралығында Алматыда волейболдан әйелдер арасындағы әлемдік Гран-придың «Төрттік финалы» өтеді.

Биылғы жылы әлемдік бәсекенің үшінші тобында Қазақстан, Алжир, Австралия, Колумбия, Хорватия, Куба, Мексика және Перу құрамалары ойнады.

Алғашқы кезең 3-5 маусым аралығында Алжир мен Австралияда өткен болатын. Онда Қазақстан құрамасы жергілікті Алжир құрамасымен кездесу өткізді. Партиялар бойынша қорытынды есеп  - 0:3 (25:17, 25:13, 25:5) - қазақстандық қыздардың пайдасында.

Екінші кезең 10-12 маусым аралығында Колумбия мен Перуде өтті.

Қазақстан құрамасы өзінің екінші матчында Мексика командасын 3:1 (25:20, 25:18, 26:28, 25:20) есебімен ұтты. Ал, Колумбия құрамасымен кездесу - 1:3 (21:25, 25:22, 19 :25, 12:25) нәтижесімен колумбиялықтардың пайдасына шешілді.

Айта кетейік, Алматыда өтетін «төрттік финалда» алдын ала кезеңдер қорытындысы бойынша үш үздік команда (Колумбия, Хорватия, Перу) және финал иесі ретінде Қазақстан құрамасы ойнайды.

Бәсекені «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матчтардан бөлек, әр ойын алдында көрермендер волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасында ойнаған спортшылардың қатысуымен тікелей эфирдегі студиялық бағдарламаны тамашалай алады. Елена Павлова, Марина Стороженко, Ольга Наседкина, Наталья Жукова сынды құраманың бұрынғы ойыншылары жанкүйерлерді  кездесулер барысынан хабардар етіп, ойынға сараптама жасайтын болады.

Сондай-ақ, қазақстандық команданың  кездесуінен кейін отандық спорттық телевизия саласында тұңғыш рет ұлттық құрама ойыншыларымен тікелей эфирде баспасөз конференциясы өтеді.

Көрсетілім кестесі:

18 маусым

11:45 - Хорватия-Перу  (тікелей эфир)

14:45  - Қазақстан-Колумбия (тікелей эфир)

21:55  -  Хорватия-Перу (қайталау)

0:15   -   Қазақстан-Колумбия (қайталау)

 

19 маусым

11:45      - үшінші орын үшін матч (тікелей эфир)

14:45   -  финал (тікелей эфир)

Хабарламаларға жазылу