Тікелей эфирде – Германия мен Алжир ойыны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тікелей эфирде – Германия мен Алжир ойыны

30.06.2014
Тікелей эфирде – Германия мен Алжир ойыны

Бүгінгі ойында Германия құрамасына толық күшін көрсететін уақыт келді. 1/8 айналымда Йоахим Лев шәкірттеріне жолыққан Алжир құрамасына оңай болмайтыны анық.

Алжир құрамасының плей-офф кезеңіне өз күшімен өткенін мойындау керек. Оңтүстік Корея мен Ресей құрамаларын үйлеріне қайтарды. Дегенмен, топтық кезеңдегі барлық ойынның соңында «Шөл түлкілері»  қарқындарын бәсеңдетіп алды.

Йоахим Лев шәкірттеріне толық күшімен де қарсы тұру қиын. Ал ойынның соңына дейін бір қарқында ойнайтын германиялық футболшылар бүгінгі матчта қарсыластарының қақпасын бірнеше мәрте нысанаға алуға тырысады.

Германия құрамасында ешқандай мәселе жоқ. Бас бапкер топтық кезеңде ойыншыларды алмастырып отырды, сол себепті Германия құрамасы плей-офф кезеңіне тас-түйін дайын. Ал нағыз бабына енген Томас Мюллер турнирде 4 гол соқты.

Әзірге көпшілік Мирослав Клозенің Әлем чемпионаты тарихындағы ең үздік сұрмерген атану мүмкіндігі жөнінде айтып жүр. Ал, Томас Мюллер өз қарқынын бәсеңдетпесе, Клозеге рекорд жаңарту мүмкіндігі бұйырмауы мүмкін.

Бүгінгі ойында Йоахим Лев шәкірттерінің сәтсіздікке ұшырауы екіталай. Дегенмен, Алжир футболшыларының табандылығынан «тосынсый» күтуге болады.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы Германия – Алжир матчын тікелей эфирде көрсетеді. Матч Астана уақытымен 02:00-де басталады.

 

Германия құрамасы:

Қақпашылар:  Мануэль Нойер («Бавария»), Роман Вайденфеллер («Боруссия» Д), Рон-Роберт Цилер («Ганновер»).

Қорғаушылар: Жером Боатенг, Филипп Лам («Бавария»), Эрик Дурм, Кевин Гросскройц, Матс Хуммельс (барлығы – «Боруссия» Д»), Бенедикт Хеведес («Шальке»), Пер Мертесакер («Арсенал», Англия), Маттиас Гинтер («Фрайбург»).

Жартылай қорғаушылар: Юлиан Дракслер («Шальке»), Марио Гетце, Тони Кроос, Томас Мюллер, Бастиан Швайнштайгер (барлығы – «Бавария»), Кристоф Крамер («Боруссия» Менхенгладбах), Сами Хедира («Реал», Испания), Месут Езил («Арсенал», Англия), Марко Ройс («Боруссия» Дортмунд).

Шабуылшылар: Мирослав Клозе («Лацио», Италия), Лукас Подольски («Арсенал», Англия), Андре Шюррле («Челси», Англия).

Бас бапкер – Йоахим Лев.

 

Алжир құрамасы:

Қақпашылар: Ади М`Боли (ЦСКА, Болгария), Мохамед Земмамуш («Алжир»), Седрик Си Мохаммед («Константин»).

Қорғаушылар: Эссаид Белькалем («Уотфорд», Англия), Маджид Бугерра («Аль-Лехвия», Катар), Лиассин Кадамуро («Реал Сосьедад», Испания), Фаузи Гулям («Наполи», Италия), Рафик Халлиш («Академика», Португалия), Аисса Манди («Реймс», Франция), Карл Меджани («Валансьен», Франция), Джамель Месбах («Ливорно», Италия), Мехди Мостефа-Сбаа («Аяччо», Франция).

Жартылай қорғаушылар: Набиль Бенталеб («Тоттенхэм», Англия), Ясин Брахими («Гранада», Испания), Мехди Ласен («Хетафе», Испания), Сафир Таидер («Интер», Италия), Хассан Йебда («Удинезе», Италия), Софьян Фегули («Валенсия», Испания).

Шабуылшылар: Набиль Гилас («Порту», Португалия), Ислам Слимани («Спортинг», Португалия), Эль-Араби Судани («Динамо», Хорватия), Абдельмумен Джабу («Клуб Африкан», Тунис), Рияд Махрез («Лестер», Англия).

Бас бапкер – Вахид Халилходжич.

Хабарламаларға жазылу