Атақты аргентиналық футболшы Диего Армандо Марадона Венесуэла құрамасын жаттықтыруға дайын екенін мәлімдеді.
Венесуэла құрамасының бұрынғы бас бапкері Сезар Фариас өткен жылдың қарашасында футболдан Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама ала алмағаннан кейін орнын босатқан еді.
«Мен нақты ұсыныстар күтемін. Егер ұсыныстар түсіп жатса, онда мен келісемін», - деп мәлімдеді Әлем чемпионы.
Айта кетейік, Марадона наурыз айында өмірден өткен Венесуэланың бұрынғы президенті Уго Чавестің жақын досы болды.