Бүгін Алматыда жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Серпінді бизнес» байқауы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан нарығында бұл - жаңа бастама. Шара аясында аймақтық және отбасылық кәсіпке грант беріп қана қоймай, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерге жан-жақты қолдау көрсетіледі. Гранттардың 30 пайызы әлеуметтік жобаларға арналған», - деді идея авторы «Зумрад» корпорациясының президенті Екатерина Ким.
Байқау 2014 жылдың 26 қарашасында аяқталады. Оған 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
Іріктеу шаралары Қазақстанның барлық аймағында өткізілмек. Үздік жоба иелері Алматы қаласында бір апта іскерлік тәжірибеден өтеді.
Үздік шыққан үш жеңімпазға 5 500 000 теңге, 2 700 000 теңге және 1 300 000 теңге көлемінде грант беріледі.