Елордада эко-жобалар байқауында 25 студенттің жұмысы үздік деп танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада эко-жобалар байқауында 25 студенттің жұмысы үздік деп танылды

18.02.2022

Елордада жастар арасындағы эко-жобалар байқауы мәреге жетті. «Айтичми» қоғамдық қоры мен «Шеврон» компаниясы ұйымдастырған байқауға отыздан астам еңбек түскен. 25 студенттің жұмысы үздік деп танылды. Байқауға жасыл жобалардан бөлек елдің тұрмысын арттыру мен ерекше балаларды қолдауға арналған бизнес идеялар түскен. Демеушілер ең пайдалы деген үш жобаға шағын гранттар үлестірді.



Хабарламаларға жазылу