Есірткі сатумен айналысқан балабақша қызметкері қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі сатумен айналысқан балабақша қызметкері қамауға алынды

25.06.2014
Есірткі сатумен айналысқан балабақша қызметкері қамауға алынды
Орал қалалық сотының қаулысымен «Балақай» балабақшасының күзетшісі екі айға қамауға алынды.
 
Сот отырысыда мәлім болғандай, 48 жасар азамат 21 маусым күні өз жұмыс орнында ұсталған.
 
Оны тінту кезінде 1,65 грамм, жұмыс орнынан 1,8 грамм марихуана табылған. Бұдан бұрын, 31 мамыр күні күзетші сіріңке қорабына салынған кептірілген марихуана сатқаны белгілі болып отыр.
 
Қазіргі кезде ҚР ҚК 259-бабына сәйкес (есірткі заттарын заңсыз иелену, дайындау, өңдеу, сақтау немесе сату) қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.
ҚазАқпарат

 

 

Хабарламаларға жазылу