Нұр-Сұлтанда есірткінің ірі партиясы тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

19.10.2021

Нұр-Сұлтанда есірткінің ірі партиясы тәркіленді. Полицейлер күдікті машинаны тексеру кезінде артқы орындыққа жасырылған пакетті тапқан. Ішінен бір жарым келі синтетикалық мефедрон есірткісі мен бір келідей гашиш табылды. Қазір тәркіленген есірткі жойылып, тасымалдаушы қамауға алынды. Тергеуде анықталғандай ол осы уақытқа дейін еліміздің бірнеше өңірінен Нұр-Сұлтанға есірткі тасымалдаумен айналысқан. Ол үшін арнайы жасырын схема да ойлап тауыпты. Қазір ұсталған азаматтың сыбайластары іздестіріліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу