2015 жылға қарай Қазақстанда ҰБТ жаңа мазмұнының апробациясы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылға қарай Қазақстанда ҰБТ жаңа мазмұнының апробациясы басталады

17.06.2014
2015 жылға қарай Қазақстанда ҰБТ жаңа мазмұнының апробациясы басталады
2015 жылға қарай Қазақстанда ҰБТ-ның жаңа мазмұнының апробациясы басталады. Бұл туралы Алматыда өткен брифинг барысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.
 
«2015 жылдан бастап төменгі сыныптарда жаңа мазмұндағы апробацияларды бастаймыз. Орта буынға да жаңа элементтер енгізіледі», - деді министр.
 
Министрдің айтуынша, сынақ мерзімі бір жылды қамтиды. Сынаққа еліміз бойынша 30 мектеп қатысады. Ал 2016 жылы аталған жаңа стандарттар іс жүзінде білім жүйесіне енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу