Қазақстанда 2027 жылға қарай қосымша 20 жаңа су қоймасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 2027 жылға қарай қосымша 20 жаңа су қоймасы салынады

17.11.2023

Елімізде 2027 жылға қарай қосымша 20 жаңа су қоймасы салынады. Қолданыстағы гидротехникалық нысанның 15-і бастан-аяқ қайта жаңғыртылады. Бұл туралы салаға жауапты министрлік хабарлады. Жұмыс жоспары екі бөлімнен тұрады. Алдымен Жамбыл, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарына 1,7 текше километр тіршілік нәрін жинайтын 8 су қоймасын салу көзделген. Кейін, Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды өңірлерінде 12 нысанның құрылысы жүреді. Қазір сметалық құжат әзірленіп жатыр. Су кодексі қайта редакцияланады. Осы арқылы судың «қара нарығын» жою жөніндегі шаралар күшейтіледі. Заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылады. Сонымен қатыр, су ресурстарының ақпараттық орталығы құрылады.

Бұл - салаға қатысты барлық деректерді автоматты режимде ұсынуға, гидро метеорологиялық мониторинг жүйесі негізінде су тасқыны жағдайларын модельдеуге, трансшекаралық су объектілері бойынша деректерді талдауға мүмкіндік береді. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу