Астанада жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 2510 пәтер тапсырылады

Астанада жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 2510 пәтер тапсырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Аталған бағдарламаның екінші кезеңі бойынша тұрғын үй құрылысы Сарайшық көшесінің оңтүстігінде, сондай-ақ, Тілендиев даңғылының оңтүстігінде жүргізіліп жатыр.
«Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында Астана қаласының әкімдігі нақты жұмыстар жүргізді. Несиелік баспана салу жоспарын уақытылы орындамауға кейбір бас мердігерлердің келісімдік міндеттемелерін орындамауы әсер етті. Бұл келісімдерді бұзып, жаңа мердігерлік ұйымдар таңдауға, нысандар құрылысының мерзімдерін ұзартуға әкелді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Елордада 2008-2010 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгінде жалпы ауданы 261,5 мың шаршы метрді құрайтын 5674 пәтер пайдалануға берілді.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05