Қызылордалық 194 түлек Ресейдің жетекші оқу орындарында білім алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық 194 түлек Ресейдің жетекші оқу орындарында білім алады

14.06.2014
Қызылордалық 194 түлек Ресейдің жетекші оқу орындарында білім алады
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен ҚР Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов оқуға аттанғалы отырған жастармен кездесіп, сәт сапар тіледі.
 
Қызылордалық екі жүзге жуық мектеп бітіруші Ресейдің жетекші оқу орындарында оқуға жолдама алды.  Атап айтқанда, Мәскеу болат және қорытпа институтында 153, ал Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университетінде 41 жас түлек білім алмақ,  деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
 
«Жақында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы  құжатқа қол қойылды. Енді үш мемлекет халықаралық деңгейдегі заманауи мәселелерге, шақыруларға бірге жауап беретін болады. Сіздер Ресейдің үздік ондыққа кіретін техникалық оқу орындарына барып, білім алғалы отырсыздар. Қызылорда өңірінде көптеген индустриялық-инновациялық жобалар іске асып жатыр, кәсіпорындар ашылады. Соған орай аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша білім жетілдіресіздер. Елге оралып, экономикалық әлеуетімізді дамытуға үлес қосады деп сенемін», - деді Қырымбек Елеуұлы.
 
Ал Кеңес төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов: «Мен де шетелде білім алғанмын, 1997 жылдары Германияда «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыдым. Сондықтан сіздердің қазіргі алып-ұшып тұрған көңіл-күйлеріңізді түсініп отырмын. Бүгінде біз ел экономикасына шама-шарқымызша үлес қосып жатырмыз. Сіздер де жақсы білім алып, аман-есен елге оралыңыздар. Елде жұмыс көп», - деп білімпаз жастарға ақ жол тіледі.
 
 

Мәскеу болат және қорытпа институтында 153, ал Санкт-Петербург мемлекеттік технологиялық университетінде 41 жас түлек білім алмақ.

Хабарламаларға жазылу