Ресейдің Сібір Федералды университеті елімізде өз филиалын ашуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Сібір Федералды университеті елімізде өз филиалын ашуға ниетті

04.03.2022

Ресейдің Сібір Федералды университеті елімізде өз филиалын ашуға ниетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық мамандықтарға басымдық беру және Ресей жоғары оқу орындарында студенттерді оқыту туралы айтқан болатын. Осыған байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшісі Сібір федералды университетінің басшылығымен кездесті. Красноярск қаласында орналасқан оқу орнында қазір 220-дан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Тараптар келешекте ауыл шаруашылығы және өзге де техникалық мамандықтар бойынша білім беру мәселесін де талқылады.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу