Қызылорда: Екі жүзге жуық түлек Ресейде білім алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда: Екі жүзге жуық түлек Ресейде білім алады

16.06.2014
Қызылорда: Екі жүзге жуық түлек Ресейде білім алады
Еуразиялық экономикалық одақ аясында үш елдің арасындағы мәдениет, денсаулық сақтау, білім саласындағы интеграция нығая түспек. Биыл қызылордалық екі жүзге жуық түлек Ресейде білім алады.  
 
Олар Мәскеудегі болат және қорытпа институында, Санкт-Петербургтегі технологиялық университетте оқып, аймақ дамуына атсалыспақ. 
 
Қызылорда облысында металлургиялық кластер құру жоспарлануда. Сондай-ақ, өлкенің өрлеуіне сеп болатын тың инновациялық жобаларды жүзеге асыру көзделген.
 
Ол үшін білікті маман қажет. Сәуір айында аталмыш білім ошақтарының өкілдері келіп, мектеп бітірушілердің білімін бағамдады. Емтиханнан сүрінбей өткен екі жүз түлек грантқа ие болды.
 
Әзиза Танкаева, грант иегері:
Инженер атанғым келеді және де Қазақстанның, Қызылорда облысының дамуына үлкен үлес қосқым келеді.
 
 
Гүлжан  ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу