Дүниежүзілік сауда ұйымы бәсеке мен сапаны арттырады - Сарапшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік сауда ұйымы бәсеке мен сапаны арттырады - Сарапшылар

17.07.2015
Дүниежүзілік сауда ұйымы бәсеке мен сапаны арттырады - Сарапшылар

Дүниежүзілік сауда ұйымы бәсеке мен сапаны арттырады. Қажетті тауар мен қызметті таңдау мүмкіндігін молайтады.

Ал, импорттың көлемін көбейту арқылы елге озық технологиялардың келуіне жол ашылады. Белгілі экономистердің орамды ойлары осыған саяды.

Сондықтан, тиімді экономика құруға белсене кіріскен Қазақ елі енді әлемдік сауданың бірыңғай қағидалары бойынша әрекет етеді. Ал, келелі келісімнің көкжиегін кеңейту үшін кәсіпкерлер экспорт көлемін көбейтуге күш жұмсайды. 

Елімізде бұрын болмаған жаңа өнімдер шығады, отандық кәсіпкерлер жаңа технологияларға жүгінеді. Себебі, сауда ұйымының шарты - осы.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу