Абылай Мырзахметов: Дүниежүзілік сауда ұйымы - ашық бәсекелестік алаңы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абылай Мырзахметов: Дүниежүзілік сауда ұйымы - ашық бәсекелестік алаңы

26.06.2015
Абылай Мырзахметов: Дүниежүзілік сауда ұйымы - ашық бәсекелестік алаңы

Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі даму бағытымызды айқындап берді. Бұл отандық бизнес өкілдері үшін ашық бәсекелестік алаңына айналмақ.

Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

Айтуынша, бұл ұйым арқылы Қазақстанға әлемдік нарық есігін айқара ашты. Өз кезегінде кәсіпкерлеріміз үшін жаңа мүмкіндіктер берілетіні сөзсіз. Осы арқылы бизнес өкілдерінің үлкен бәсекелестікке төтеп беру әлеуеті арта түспек.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу