Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Тәжікстан мен Түркіменстанға арнайы топ жібереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Тәжікстан мен Түркіменстанға арнайы топ жібереді

24.04.2020

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгінге дейін бірде-бір коронавирус дерегі тіркелмеген Тәжікстан мен Түркіменстанға арнайы топ жібереді. Сарапшылар мен дәрігерлерден жасақталған топ індеттен аман екі елдің инфекцияның алдын-алу шараларымен танысып, деректердің дұрыстығына көз жеткізеді. Себебі Орталық Азиядағы қос елде коронавирус инфекциясының тіркелмегеніне күмәнмен қарайтындар көп. ТМД-ның басқа елдерінде болса, бұл вирус тез таралуда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жұқпалы дерттен әзірге әлемнің 14 елі мен халық жиі қоныстанған 11 аймағы дін аман.

Сарапшылар Тәжікстанда коронавирустың анықталмау себебін табысы аз тұрғындардың шетелге көп шықпауымен байланыстырады. Алайда, Тәжікстан індет ошағы болған Қытаймен ал, Түркіменстан Иранмен шекаралас жатқанын ескерсек, індет жұқтыру қаупі әлі сейілмей тұр.

Гаухар ТӨЛЕКБАЙ


Хабарламаларға жазылу