Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде ең жоғары 125 балды Алматы қаласындағы №178 мектеп- лицейінің түлегі Әбдіжапар Айғаным Бақытқызы жинады, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.
Сондай-ақ, 6 233 бала жоғары оқу орындарына түсу үшін конкурсқа қатысудың шектік балын жинай алмаған. Ал 3 797 бала 100-ден жоғары балл жинаған.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінде 26 147 түлек тест тапсырған. Олардың 18 417-сі қазақ тілінде, ал 7 730-ы орыс тілінде білім алғандар. Тестілеу 61 пунктте жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ 2-маусымда басталып, 8-маусымға дейін жалғасады. Биыл 92 мың мектеп бітіруші қатысады деп күтілуде.