Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жейкоб Зумаға Оңтүстік Африка Республикасының президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жеделхатта Қазақстан Президенті таяу уақыттарда ОАР әлеуметтік-экономикалық даму жолында бұдан да зор нәтижелерге жетіп, халықаралық аренада өз беделін нығайтатынына сенім білдірген. Сонымен қатар, Д.Зума басқаратын партияның сайлаудағы жеңісі заңдылық екенін атап өткен.
«Қазақстан Республикасы Оңтүстік Африка Республикасымен арадағы байланыстарды әрі қарай тереңдетуге, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға мүдделі», – делінген жеделхатта.