Елбасы Режеп Тайып Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Режеп Тайып Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

11.08.2014
Елбасы Режеп Тайып Ердоғанға  құттықтау жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанға президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Елбасы Р.Ердоғанды Қазақстан халқының және жеке өз атынан Түркия үшін тарихи маңызы бар сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Сайлау нәтижелері Сіздің қоғамдағы беделіңіздің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеруге және Түркияның халықаралық орнын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі болды»,  делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы сондай-ақ, Р.Ердоғанның басшылығымен Түркия Республикасы халықаралық саясатта салмағы бар жоғары дамыған елдердің біріне айналғанын атап өтті.

«Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейіндегі бауырлас қарым-қатынастар нығая түсетініне кәміл сенемін»,  делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев  Р.Ердоғанға зор денсаулық, жаңа қызметіне толағай табыс, ал, бауырлас түрік халқына бейбіт өмір мен құт-береке тіледі.

аkorda.kz

Хабарламаларға жазылу