Саусақ іздерінің атқаратын қызметі қандай?
Бір ғасырдан астам уақыт бойы саусақ іздері криминалистика әлемінде маңызды рөл атқарады. Адамның саусақ іздері ана құрсағында жатқан күннен 24-ші аптада қалыптасады.
Қол сүйектері мен алақандағы бұлшық еттер жетілген кезде белгілі бір дәрежеде теріні жиырады. Сол кезде алақанда ерекше бейнелер пайда болады. Адамның саусақ іздері өмірінің соңына дейін мүлде өзгермейді.
Егер абайсызда қолыңызды кесіп алған болсаңыз, жараланған жер жазылған соң бедерлер өз қалпына келеді. Бір-біріне бітім-болмысы өте ұқсас егіздердің де алақаны мен саусақтарында және табан іздерінде өзіндік ерекшеліктері болады.
Адамның барлық дене мүшесі өзіне тиісті қызметті атқарады. Ал саусақ іздерінің атқаратын қызметі қандай? Саусақтағы ерекше бейнелер кез келген затты ұстауға көмектеседі. Егер адамның саусақ іздері болмаса, қолымызға ештеңе ілікпейтін еді.
Саусақ іздері талай ғасыр бойы таңданыс тудырып келеді. Ежелгі Қытай елі саусақ іздерін қандай мақсатта қолданған? Адамдардың саусақ іздерінің бір-біріне мүлде ұқсамайтынын дәлелдеген кім? Саусақ іздері арқылы қылмыскерлерді анықтау қашан басталды?
Бұл сұрақтарға жауапты «Таңшолпанның» сюжетінен ала аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді
06.11.2025, 10:30
Ұлттық Ұлан сарбаздары аналарына тосын сый жасады
06.11.2025, 10:23
Германияда әлем халқы толған айды тамашалады
06.11.2025, 10:22
Түркияда тас көшкінінен екі адам опат болды
06.11.2025, 10:21
Ақмола облысында Жабай өзенінің арнасы тазаланды
06.11.2025, 10:20
ШҚО-да браконьерлерге қатысты мыңнан аса әкімшілік іс қозғалды
06.11.2025, 10:18
Вашингтонда өтетін C5+1 саммитінде қандай мәселелер талқыланады?
06.11.2025, 10:15
Мемлекет басшысын АҚШ-та оқитын қазақстандық студенттер қарсы алды
06.11.2025, 10:13