«Интер» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді
Миланда өткен ойында жергілікті «Интер» алматылық «Қайраттан» 2:1 есебімен басым түсті. Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері басымдық танытты. Алайда «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыны сәтті қайтарып, команданы құтқарып қалды. Бірінші таймның соңына таман «Интер» есеп ашты. Екінші тайм. 56-минутта алматылық клуб сапынан Офри Арад бұрыштамадан әуелей көтерілген допты баспен Ян Зоммер қорғаған «Интер» қақпасына соғып кетті. Осылайша алматылық команда қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. Бұған италиялық клуб аталған тунирдегі үш ойында бірде-бір мәрте өз қақпасына гол жібермеген еді. «Қайрат» алғашқы болып, «Интердің» қақпасынан саңылау тапты. Бұл гол да, сырт алаңдағы 2-1 деген есеп те тарихи көрсеткіш десек артық емес дейді сарапшылар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы