Олимпиада алауын алып ұшқан экипаж Жерге оралуға дайындалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада алауын алып ұшқан экипаж Жерге оралуға дайындалуда

12.05.2014
Олимпиада алауын алып ұшқан экипаж Жерге оралуға дайындалуда
Ресейлік ғарышкер Михаил Тюрин,  жапондық аэроғарыштық зерттеулер агенттігінің астронавты Коити Ваката және америкалық астронавт Рик Мастраккио 188 тәулік ұшқаннан кейін орбитадағы жұмысын аяқтайды.
 
Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлағандай, Халықаралық ғарыш станциясындағы (ХҒС) 39 экспедиция экипажы Жерге «Союз ТМА-11М» кемесімен оралмақ.
 
«Союз ТМА-11М» кемесі Байқоңырдан 2013 жылдың 7қарашасында ұшырылған. Оның экипажы ХҒС Олимпиада алауын жеткізген болатын.
 
Экипаж эмблемасына Олимпиада алауы, ал, зымырантасығыш пен ғарыш кемесінде олимпиадалық символика белгіленген.
 
ХҒС-39 мен ХҒС-40 экспедициялары барысында ресейлік ғарышкер М.Тюрин 50 тәжірибе бойынша 600-ден астам сеансқа қатысты, делінген баспасөз мәлімдемесінде.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу