«Қайсар» премьер-лигадағы ойынын жеңіспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайсар» премьер-лигадағы ойынын жеңіспен бастады

10.05.2014
«Қайсар» премьер-лигадағы ойынын жеңіспен бастады
Қызылорда қаласындағы «Локомотив» стадионында жергілікті «Қайсар» мен Оңтүстік Қазақстан облысының «Ордабасы» командалары маусымашар кездесулерін өткізді. 
 
Араға бір жыл салып, премьер-лигаға оралған «Қайсар» алғашқы кездесуін жеңіспен бастады. Қызылордалық команда «Ордабасы» ойыншыларын   1:0 есебімен ұтты.

Голдың авторы - Душан Савич. «Қайсар» келесі ойынын 22-наурызда өз алаңында Жамбылдың «Тараз» құрамасымен  өткізеді.

Хабарламаларға жазылу