Футболдан Қазақстан чемпионаты басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан чемпионаты басталады

01.03.2024

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады. Алғашқы ойын «Астана» мен «Жеңіс» арасында өтеді. Жалпы биыл ел біріншілігінде 13 команда бақ сынайды.

Айта кетейік, «Мақтарал» және «Ақсу» клубтары қаржылық және басқа да мәселелерге байланысты ел чемпионатына қатысудан бас тартқан. Премьер-лигадағы тартысты кездесулерді әдеттегідей «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде ұсынады. Жанкүйер болып, отандық футболға қолдау білдіре жүрейік.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу