27-28 мамыр Санкт-Петербург қаласында «Прибалтийская Park Inn» қонақүйінде 9-шы Санкт-Петербург интернет-конференциясы (СПИК-2014) өтпек. Биыл шара барысында интернет-маркетинг, веб-аналитика, мобильді қосымшалар, SEO, контексті жарнама және электронды коммерция туралы айтылмақ.
Сондай-ақ, мамандар бөлек блокта интернеттегі бизнесті дамытуға арналған шеберлік сыныптарын өткізеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын бұл жиынға 2500 адам қатысады. Олардың дені - интернет-бизнес көшбасшылары, интернет-технология мамандары, IT-компания өкілдері, компания басшылары, маркетологтар, PR-мамандар, интернет-қолданушылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
«СПИК-2014 бағдарламасында бүгінгі таңда интернет-нарығындағы өте маңызды тақырыптар қамтылған. Біз биылғы шара тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деген үміттеміз», - дейді Ресейлік электронды коммуникация ассоциациясы директорының орынбасары Сергей Гребеннико.