Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнир жеңімпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнир жеңімпазы анықталды

10.05.2014
Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнир жеңімпазы анықталды
Сейдахмет  Бердіқұловтың  туған күнінде -  9 мамырда  Алматы қаласынан бастау алған бұл дәстүрлі турнир биыл бірінші рет Астанада өтті.
 
Осы жылдан бастап жарысты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі,  ойынды  Астанада өткізу туралы шешім қабылдады.
 

Екі күнге созылған жарыста еліміздің әр аймақтарының телеарна, газет тілшілерінен жасақталған футбол командалары өзара бақ сынады. Бірінші орынды «Алматы» телеарнасының құрамасы жеңіп алды. Екінші орында «Хабар» телеарнасының Алматы бюросының командасы, ал үздік үшітікті «Оңтүстік Қазақстан»  газетінің тілшілері қорытындылады.

Хабарламаларға жазылу