Астанада шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтеді

08.05.2014
Астанада шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған дәстүрлі турнир өтеді
Қазақстан  Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі осы жылғы 9-10 мамырдашағын футболдан  Қазақстанның БАҚ өкілдері арасында көрнекті қоғам қайраткері, жазушы  әрі спорт журналисі Сейдахмет  Бердіқұловты еске алуға  арналған дәстүрлі республикалық турнир өткізеді, деп хабарлайды  агенттіктің баспасөз қызметі.
 
Бұл турнир дәстүрлі түрде Алматы қаласында Сейдахмет  Бердіқұловтың  туған күнінде -  9 мамырда өтетін. Биылғы жылдан бастап,  мемориалды Астанада өткізу туралы шешім қабылданды.
 
Себебі орталық БАҚ осында және футболшы  қызметкерлер де осында жұмыс істейді. Сонымен бірге, бұл жарысқа өңірлік басылымдардың өкілдері де қатысады деп күтілуде. Қатысушылардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. 
 
2014 жылдың турниріне зор үлес қосқандар: «Астана-1964» футбол клубы, Қазақстан футбол федерациясы,  Қазақстан спорттық баспасөзі қауымдастығы. «Астана-Арена» стадионы мен «Ұлттық штаттық командалар және  спорт резерві дирекциясы» РМҚК қолдау көрсетті.
 
Жарысты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі.

Шараның алғашқы күнгі жарысы ертең сағат 10.00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу