WSB. Мәди Шолақов Гаирбек Гермахановқа есе жіберді

«Астана арландары» мен «Baku Fires» арасындағы кездесу жалғасуда. Шаршы алаңда жұдырықтасу кезегі 56 келі салмақтағы боксшыларға да келді. Бұл айқаста бапкерлердің таңдауы Мәди Шолақовқа түсті.
28 жастағы боксшы «Астана арландары» сапына биыл қосылып, бір ғана жекпе-жек өткізді. Сол кездесуде ол ресейлік Никита Федорченкодан айласын асырған еді.
Бұл жолы Мәдидің қарсыласы тәжірибелі Гаирбек Гермаханов болды. Әзірбайжандық команданың боксшысы Дүниежүзілік бокс сериясының 2011/12 жылғы маусымын өз салмағында бірінші орынмен қорытындылаған еді.
Жекпе-жек аса тартысты өтті. Бес раунд қорытындысы бойынша, Гайрбек Германханов ұпай санымен басымдыққа ие болды.
Айта кетейік бұған дейін «Астана арландары» сапынан Теміртас Жүсіпов жекпе-жекті жеңіспен аяқтаған еді. Енді шаршы алаңға 64 келіде Асхат Уәлиханов, 75 келіде Сергей Деревянченко, 91 келіде Василий Левит шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
18.09.2025, 22:29

Қазақстанда жасанды интеллект министрлігі құрылады
18.09.2025, 22:18
Президент Туризм және спорт министрін қабылдады
18.09.2025, 22:14
Hyundai көліктеріне төмен пайыздағы несие ұсынылады
18.09.2025, 21:38
Суперкомпьютер – жасанды интеллекттің қозғаушы күші
18.09.2025, 20:17
Ресей православ шіркеуінің басшысы Қасиетті Успен кафедралдық соборында молебен өткізді
18.09.2025, 20:09
Қазақстан бүкіл әлемге үндеу жасады
18.09.2025, 20:07
Мемлекет басшысы Шахмұрат Мүтәліпті қабылдады
18.09.2025, 20:05