Nissan компаниясы жуылмайтын көлік ойлап шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Nissan компаниясы жуылмайтын көлік ойлап шығарды

26.04.2014
Nissan компаниясы жуылмайтын көлік ойлап шығарды
Жапониялық Nissan компаниясы балшық, шаң және ылғалға қарсы тұратын инновациялық әрлеу-сырлау жамылғысын сынақтан өткізу бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды auto.vesti.ru
 
Еуропалық техникалық орталықта сынақтан өтетін жаңа үлгідегі Nissan Note  көлігінің шанағына супергидрофобты және олеофобты, яғни майға қарсы тұратын бояу жағылған.
Бірнеше айға созылатын сынақтардың мақсаты – күнделікті эксплуатациялық жағдайдағы технологияның тиімділігін тексеру.
 
 
Ultra-Ever Dry деп аталатын технология микроскопиялық нано-қабаттан тұрады. Ол әрлеу-сырлау жамылғысы мен сыртқы ортамен арасында құрылған. Бұл қабат шанақтың бөлігінде ылғал мен балшықтың тұруы мүмкінідк бермейді. Жамылғы әртүрлі ауа райында тексеруден өткен. Құрастырушылардың мәлімдеуінше, аңжа технология жаңбырға, қарға, аязға және ыстыққа төтеп берген.
 
Nissan компаниясы тәжірибелік үлгіде Note көлгінің таңдалуы кездейсоқ емес екенін айтады. Өйткені, бұл – отбасылық көлік. Ал инженерлер көлікті қолайлы ету үшін жетілдіруге тырысады. Сол себепті оны жаңарту кезінде үнемі ізденісте жүреді. Қазіргі уақытта бұл технологияны Nissan маркалы көліктерге қолдану жоспарланбаған. Алайда, уақыт өте келе Ultra-Ever Dry қабаты көліктің элементіне айналуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу