Мэнни Пакьяо Тимоти Брэдлиді жеңіп, Әлем чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мэнни Пакьяо Тимоти Брэдлиді жеңіп, Әлем чемпионы атанды

13.04.2014
Мэнни Пакьяо Тимоти Брэдлиді жеңіп, Әлем чемпионы атанды
Кәсіпқой бокста сегіз салмақ бойынша әлемнің экс-чемпионы, 35 жастағы филиппиндік Мэнни Пакьяо орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанды. Бокс кеші бүгін, 13 сәуір АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand Garden аренасында өтті.
 
Мэнни Пакьяо (65,8 келі) мен WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, 30 жастағы америкалық Тимоти Брэдли (66 келі) арасындағы кездесу ­- осы кештің басты жекпе-жегі болды. Айта кету керек, бұл - екі мықтының екінші рет жұдырықтасуы. Алғашқы жекпе-жекте төрешілер жеңісті Тимоти Брэдлиге берген болатын.
 
12 раундқа созылған бұл жолғы бәсекеде Мэнни Пакьяо ұпай саны бойынша озық шығып, Брэдлидің чемпиондық атағына ие болды.
 
Бокс кешін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті. Сонымен бірге, www.kazsporttv.kzсайтынан онлайн трансляция жүргізілді.
 
Сондай-ақ, бүгін маңыздылығы жағынан екінші жекпе-жекте WBA тұжырымы бойынша  жартылай ауыр салмақтағы Әлем чемпионы, 31 жастағы ресейлік Хабиб Аллахвердиев  жастағы америкалық Джесси Варгаспен кездесіп, белбеуінен айырылып қалды.
 

Хабарламаларға жазылу