Геннадий Головкин: Мейвезер мен Пакьяо рингке қайта оралуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин: Мейвезер мен Пакьяо рингке қайта оралуы мүмкін

20.04.2016
Геннадий Головкин: Мейвезер мен Пакьяо рингке қайта оралуы мүмкін

WBA (Super), IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша  орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қазіргі кездің ең танымал боксшылары  - кіші Флойд Мейвезер мен  Мэнни Пакьяо кәсіби бокстан кеткені жайлы мәлімдегенмен,  қайта оралуы әбден мүмкін деп санайды, деп жазады sports.kz.

«Пакьяо бокстан кетеді деп ойламаймын. Мэнни мен Флойд - ақылды жігіттер. Бұл - бокс», - деді Головкин

«Флойд пен Мэнни рингке қайта оралады дегің келе ме?»  деген сұраққа қазақстандық спортшы: «Иә. Оралуы әбден мүмкін», - деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Уэйд жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 24 сәуір күні таңғы сағат 07:00-де тікелей эфирде ұсынады және «Казмедиа Орталығының» лэд-экрандарында көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу