Геннадий Головкин жылдың үздік боксшысы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин жылдың үздік боксшысы атанды

02.01.2015
Геннадий Головкин жылдың үздік боксшысы атанды

Қазақстандық спортшы оқырмандардың 75 пайыз дауысына ие болып топ бастаса, екінші орынға 10 пайыз дауыспен Владимир Кличко орналасқан.

Үздік үштікті филиппиндік Мэнни Пакьяо түйіндеген. Ал, төртінші және бесінші орындарда Амир Хан мен Сергей Ковалев сәйкесінше тұрақтаған.

Айта кетейік, польшалық спорт порталы да Кәсіпқой бокстан WBA, IBF және WBC тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы Геннадий Головкинді үздік спортшы деп жариялаған.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу