Қазақстанда зейнетақы қорлары БЖЗҚ-ға біріктірілді
Қазақстандағы зейнетақы қорлары «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на біріктірілді. Бұл туралы бүгін қордың басқарма төрағасы Руслан Ерденаев мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Әрбір салымшының жинағы (инвестициялық табыс пен салымдарын қосқанда) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған. Қазіргі уақытта еліміздегі барлық зейнетақы қорының клиенттері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы саналады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бірыңғай автоматтандырылған салымшылар базасында жеке зейнетақы есебі ашылып, мұнда барлық клиенттердің зейнетақы жинағы аударылған. Әзірге тек қана техникалық сәттерін реттеу ғана қалған. Дегенмен салымшылар өздерінің жинақтары жөніндегі ақпаратты және жекелей зейнетақы қорындағы көшірмесін ала алады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 2,438 миллион жеке зейнетақы шоты есебі ашылған. Оның ішінде міндетті түрде зейнетақымен қамтамасыз ету келісімі бойынша – 2,436 миллион, ерікті түрде зейнетақымен қамтамасыз ету келісімі – 1 537, ерікті түрде кәсіби қамтамасыз ету келісімі – 4.
«Барлық зейнетақы жинақ қорларындағы зейнетақы акивтері мен міндеттерін біріктіру нәтижесінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылардың жеке зейнетақы есебі барлық түрдегі 9,7 миллион келісімді құрады. Ал зейнетақы жинағы – 3,9 триллион теңгеден асты», - деп атап өтті Руслан Ерденаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Интер» өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді
06.11.2025, 10:30
Ұлттық Ұлан сарбаздары аналарына тосын сый жасады
06.11.2025, 10:23
Германияда әлем халқы толған айды тамашалады
06.11.2025, 10:22
Түркияда тас көшкінінен екі адам опат болды
06.11.2025, 10:21
Ақмола облысында Жабай өзенінің арнасы тазаланды
06.11.2025, 10:20
ШҚО-да браконьерлерге қатысты мыңнан аса әкімшілік іс қозғалды
06.11.2025, 10:18
Вашингтонда өтетін C5+1 саммитінде қандай мәселелер талқыланады?
06.11.2025, 10:15
Мемлекет басшысын АҚШ-та оқитын қазақстандық студенттер қарсы алды
06.11.2025, 10:13