25 сәуір - Футбол күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 сәуір - Футбол күні

25.04.2023

Бүгін – қазақ футболының «туған күні». 2002 жылдың дәл осы күні СтОкГольмде өткен УЕФА-ның 26-конгресінде Қазақстан ресми түрде Еуропа футбол қауымдастықтары одағының құрамына қабылданды. УЕФА-ға кіргелі жеткен жетістіктер де аз емес. Ұлттық құраманың футболшылары Еуропаның үздік командаларымен ойнап шықты. Федерация өкілі, бұл қазақстандық футболшылар үшін үлкен тәжірибе болды, дейді.

Аян Әлжанов, ҚФФ Халықаралық қатынастар департаментінің директоры:

Былтырғы ұлттар лигасында біздің құрамамыздың «С» лигасында бірінші орын алып, «В» лигасына шығуы бұл біздің ойымызша, жетістік. Әрине, біздің құраманың бұдан да зор жетістіктерге жетуіне мүмкіндігі бар.Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі де жақсы басталды. Дания құрамасымен жақсы ойын болды. Бірақ, ол іріктеу кезеңінде әлі 8 ойын бар.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу